«Балық қаңқасы» стратегиясы арқылы әңгіменің мазмұнын ашады.
«Фишбоун» әдісі.
Балықтың басы – әңгімеде көтерілген мәселе;
Үстіңгі сүйектері – мәселенің туындау себептері;
Астыңғы сүйектері – салдары;
Құйрығы – мәселенің шешімі.
Дескрипторлар:
- көтерілген мәселені анықтай алу;
- мәселенің туындау себептері мен салдарын талдау;
- мәселенің шешімін ұсыну.
2. Әңгіменің өздері үшін ең әсерлі болған жерінің суреттей отырып,пейзажын жасау. Суретін салу.
Дескрипторлар:
- Салынған пейзаждың әсерлі болуы;
- Салынған суреттің әңгіменің желісіне сәйкестігі;
- Суретті сөйлете білу шеберлігі.
3. Әңгімеден берілген үзіндіні рөлге бөліп ойнайды.
Дескрипторлар:
- Кейіпкерді шебер жеткізе алу;
- Дауыс ырғағының шеберлігі;
- Әңгімедегі басқа кейіпкерлермен байланыс жасай алу.
Әңгімені қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтар қоямын.
Жеке оқушымен дәптерге орындалатын жұмыс
- Әңгіменің идеясы қандай?
- Не себепті прописка деп аталған?
- Шығармаға сен қандай тақырып қояр едің?