Баланы қалайша тәуелсіз,бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Эссе. ​

саша2006101 саша2006101    3   16.03.2021 13:15    0

Ответы
0Pandohcka0 0Pandohcka0  16.03.2021 13:20

«Бала - бауыр етің» деген қазақта жақсы сөз бар. Дүние есігін ашқан әрбір сәби, бүлдіршін ата-анасының ғана көз қуанышы емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән берсе нұр үстіне нұр болар еді. Демек, баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеп, азамат ету - ата-анаға ортақ парыз. Дегенмен, «тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп» дегендей, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген перзенті үшін ана тәлімінің алатын орны ерекше.

Объяснение:

Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан сәттен басталатындығын атам қазақ ертеде-ақ ескерген. Сөйтіп, ананың қабағына кірбің түсірмеуді ойлаған. Өйткені ана қуанса - іштегі бала да қуанып, қайғырса - бірге қайғырады деп білген. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең әуелі анадан даритынына көздері жеткендіктен де сәбиін өмірге әкелетін келінінің жүріс-тұрысына, көңіл-күйі мен тамақтануына және демалысына аса мән беріп қараған. Сонымен қатар ана бойындағы мінез-құлқы мен денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға берілмесі үшін жаман әдеттерден арылуға, таза жүруге үндеген. Бұған жүкті әйелдің кештетіп суға ­бармауына, орамалсыз жүрмеуіне және т.б. көптеген тыйым сөздер негіз болды. Ал мұның астарында ұлттың ертеңі, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқаны анық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi