Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен
жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған.
Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Гидравликалық турбина,
электрмашинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр
стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының
бір бағыты ретінде дамыды.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану – жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені
мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер
қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері
ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. Биогаз – бұл тамаша қалпына келетін ресурс және мұны кез келген органикалық қалдықтан
(тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық, ағын суларының тұнбасынан және т.б. сол сияқты ) алуға болады. Биогаз өміріміздегі
көптеген проблемаларды шеше алады:экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық. Мысалы далаға кететін қалдықтың қоршаған
ортаға жағымсыз әсері зор-ақ. Ал биогазды алудың экономикалық бағаланулары бүгінгі күні ақталуда. Биогазды жарықтандыруға, үй
жылытуға, тамақ пісіру, транспорт, электрогенератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады.
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз
балама қуат көздері болып табылады.
Қорыта айтсақ, көмірсутегі қорларының таусылу кезеңінде бұл жел, күн, биогаз энергиялары – құндылығы ерекше бізге табиғаттың
берген сыйы десе де болады. Сондықтан дәл қазір елімізге баламалы энергия көздеріне көшу қажеттілігі сезіледі.
2. Мәтін қай стильде жазылған?
Верных ответов: 1
мәтін публицистикалық стильде
мәтін ауызекі стильде
мәтін ғылыми- публицистикалық стильде
мәтін көркем әдеби стильде
Объяснение:
Мәтін ғылыми публицистикалық стильде