Бала болашақтың бағдары Біз мәңгілік ел болып қалыптасу үшін балаларымыздың болашағы жарқын болуы тиіс . Біздің болашағымыз , келер күніміз солардын қолында . Болашақтын иесі солар . Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей , өз елін сүюге , салт - дәстүр мен әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі . Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты , ұлтжанды , рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі . Сонымен қатар өз елінің рәміздерін , Ата заңын білуге , әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті . « Бүгінгі өскелең ұрпақнағыз білімді , жан – жақты дамыған , бірнеше тілді меңгерген , нағыз өз елін сүйетін , ұлтжанды азамат болуы керек » , – деп атап өтті ел Президенті Н. Ә . Назарбаев . Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық мектебі . Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры . Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай « Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды » - деп , ұлт болашағын ұлттық мектепте , ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен .

Подробнее - на -

eliot40 eliot40    2   19.05.2021 12:51    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi