Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дəлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дəлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мəтелдер. Мақал- мəтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мəтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді жəне көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал- мəтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді əсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мəтелдер əдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді. 1.Мəтіннің жанрын анықтаңыз
2. Мəтіннің жанрына тəн 3 ерекшелікті белгілеңіз.