Бақыт іздеген саяхатшы   Баяғы өткен заманда бір ұста өмір сүріпті. Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді. Осы хабарды естіген ұстаның мазасы кете бастайды. Ол күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Ұста ойлана келе алыс елге жолға шығу керек деген тұжырымға келеді. Ұста осылай ғана бақытты табамын деп саяхатқа жиналады.
Ұста бақыт іздеуге аттанған кезде үйінде қарт әкесі мен шешесі, сұлу әйелі, балалары қалады.
Ұста «міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын», – деп өзін-өзі жұбатып қояды. Ұста ұзақ жол жүреді. Оның алдынан бір үлкен тас шығады.
Тасқа «Оңға қарай жүрсең – жылқы табасың, солға жүрсең – дос табасың, тура жүрсең – бақыт табасың» деген жазу қашап жазылған екен. Ұста қуанып кетіп, тура жолды таңдап, сол бағытқа жүріп кетеді. Солай келе жатып бір қапшық тауып алады. Қапшықтың ішін ашып қараса толған алтын мен күміс екен. Ұста «Ойпыр-ай, бақыт деген осы екен ғой!» – деп қапшықты алады да, бірден қалаға тартады. Ол қаланы әбден аралайды. Ол өзінің байлыққа кенелгеніне өте қатты қуанады. Қаланы аралап жүріп ең үлкен, әдемі үйді сатып алады. Қымбат киімдер алып, риза көңілмен бақытын күтеді. Күміс ыдыстан тамақтанып, ақшаны оңды-солды жұмсап, қыдырып, не істегісі келсе соны істеп, күндері өтіп жатады. Бірақ арасында «Менде керектің бәрі бар, бірақ бақытты емеспін ғой, тасқа жазылған нәрсе өтірік болғаны ма?» – деп ойлап қояды.
Ұста мазасызданып, ұйқы жоқ, күлкі жоқ, уайымға салынады. Түнде ұйықтай алмай, ауылын есіне түсіріп, мейірімді әке-шешесін, жас әйелін, бала-шағасын сағынып, көңілі қамығады. Жылап жібереді. Әке-шешесін құшақтап, әйеліне, балаларына жылы сөзін айтып, солармен қауышқысы келеді.
Ұста «түсіндім, тасқа жазылған сөз дұрыс екен», – деп шешеді. «Ақымақ басым, қолымда барды бағаламаппын ғой, бәрі қасымда болыпты ғой», – деп тез-тез жиналып, үйіне қарай ұшқан құстай зымырайды. Ұста шынайы бақыттың не екенін, өзінің ақымақтығын түсінеді. Ұста үшін саяхаттың пайдасы осы болды. Ал сендердің ойларыңша бақыт деген не?

1.Ұста тауып алған қапшықтың ішінде не болды?

Варианты:
Тиындар
Асыл тастар
Алтын мен күміс
Ештеңе жоқ
Әшекей заттар

2.Мәтін мазмұны бойынша ұста бақыт іздеуге аттанғанда үйінде кімдер қалады?

Варианты:
Туған-туыстары
Қарт әке-шешесі, әйелі, балалары
Ата-әжесі
Баласы
Достары

3. Мәтін мазмұны
Варианты:
Бақытын тапқан ұста туралы
Бақыт іздеген ұста туралы
Ұстаның ата-анасы туралы
Ұстаның отбасы туралы
Ұстаның балалары туралы
4.Өзінің дұрыс жасамағанын түсінген ұста не істейді?

Варианты:
Қатты қуанады
Орманда өмір сүреді
Ештеңе істемейді
Ұйықтай алмайды
Үйіне қарай ұшқан құстай зымырайды

5.Ұста жолда келе жатып не тауып алады?

Варианты:
Жылқы
Қапшық
Доп
Сиыр
Ойыншық
Плмогите как можнобыстрее это соч​

amorfteriya amorfteriya    1   04.05.2021 09:32    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi