Бағалау критерийі Білім алушы Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. «Алтын адамға» қатысты диаграмманы толтырады. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жауап жазады. Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну , қолдану. Орындау уақыты 15-20 минут Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз. 1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген, Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тогалармен әшекейленген. (130 сөз) https://tengrinews.kz/science/elmzde-kansha-altyin-adam-tabvilgan-382659/ 1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз. [3] Кім? He? Қандай? Не істейді?