БАҒАЛАУ. 1-тапсырма. Оқылым. Чтение.
Берілген өлеңдерді оқып, тапсырмаларды орындаңыз. ​(Прочитайте данные стихотворение и выполни данные задания)
1-өлең
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.
2-өлең
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.

1-мәтін
2-мәтін

Өлеңдердің авторы кім?

Өлеңдердің атын жаз

Айырмашылығы

Өлеңдерден теңеуді тауып, жаз.
6б.
2-тапсырма. Жазылым. Письмо.
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 60-70 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Выберите одну тему, напишите эссе (60-70слов), составьте план.
1. Жыл мезгілдерінің сұлулығы
І. Кіріспе.
Жыл мезгілдері
ІІ. Негізгі бөлім
Жыл мезгілдерінің сұлулығы
ІІІ. Қорытынды.
Табиғатты қорға!

2. Зергерлік бұйымдар.
І. Кіріспе
Зергерлік бұйымдар
ІІ. Негізгі бөлім
Күмістен, алтыннан жасалынған әшекей бұйымдар
ІІІ. Қорытынды.
Сирек кездесетін зергерлік бұйымдар

3. Ұлттық қолөнер.
І. Кіріспе
Қолөнер
ІІ. Негізгі бөлім
Ұлттық қолөнер
ІІІ. Қорытынды.
Ою – өрнек
6б.

Sophia4sophia Sophia4sophia    2   06.05.2021 10:58    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi