Біз табиғаттың байлығын көп пайдаланамыз. Бірақ бізге табиғатты қорғау да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» бар.Оның басты мақсаты –саны азайып, жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына жойылып бара жатқан жануарлар,ал сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады. Қазақстанның Қызыл кітабына қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек кездесетін жануарлар енгізілген. Бұл жануарлардың саны қорегінің азаюынан, бағалы терісі мен мүйізі үшін аулаудың салдарынан сиреп кеткен. Адам –табиғаттың бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.Табиғатты аялай білуіміз керек! 2)Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.(По тексту дополни предложения)
. •Қызыл кітаптың қызыл түсті парағына жазылады.
•Қызыл кітаптың сары түсті парағына жазылады