Біз концертке дайындаламыз Мәтінді тыңда, сұраққа жауап бер.

Қанат: Сәлем достар! Бірінші қабатта тұрған хабарландыруды көрдіңдер ме?

Дана: Ол қандай хабарландыру?

Қанат: Мерекеге қарсы «Әнші балапан» байқауы болады екен. Біздің сыныптан Алан мен Дана қатыса алады ғой.

Томирис: Дұрыс айтасың, Қанат. Алан – тамаша биші, Дана әнді жақсы орындайды.

Қанат: Байқауға қатысамыз деп өтініш берейік!

Алан: Бұл байқауға Дана қатысса, мен де қатысамын.

Дана: Жақсы, қатысып көрейік! Қай әнді орындасам болады?

Қанат: Дана, сен Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін керемет орындайсың. Осы әнді таңдасаң, ең үздік әнші атанасың.

Алан: Ал, мен қай бидің түрін таңдайын?

Томирис: Алан, сен «Қара жорға» биін көрермендерге жақсы жеткізесің.

Қанат: Тамаша би! Бұл байқауда Дана ән, Алан би номинациясын жеңіп алады.

Томирис: Дұрыс айтасың, Қанат! Біз концертте жеңіске жетеміз!

SAIIIEK SAIIIEK    1   12.12.2020 02:22    36

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi