Біз қандай едік? тақырыбына жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазыңыздар​

Ivan1128 Ivan1128    2   19.10.2020 08:47    3

Ответы
ЗнающийМудрец ЗнающийМудрец  18.11.2020 08:48

Пай! Пай! Пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер, - деп, Мұқағали атамыз жырлағындай, ұшса құс қанаты талатын өр Алтай мен Ертіс алабын алып жатқан ұлан-ғайыр, байтақ өлкені мекен еткен қазақ елі. Қазақ елі – билерше салмақтасақ, «Біз – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз». Дауылдан соң желкенін қайта түзеп, қатты толқынына қарамастан жағаға жетіп, арман-мақсатына беттеген қайық секілді бүгінде еліміз тарих толқынында жүзіп келеді. Сан ғасырлар бойы тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген қазақ елі тәуелсіздікті тұғырына қондырып, тұғырын биік етіп, бейбітшілікті ту еткен зайырлы мемлекетке айналды. Бұл күнге қалай жеттік деген сауал кімнің де болса көкейінде тұрары анық. Иә, расында бүгінгі бейбіт күнге қалай жеттік?

Объяснение:

қысқартып жазасал

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi