Бәйтерек 1. Астана қаласының символы – «Астана – Бәйтерек». 2. Ол ашылып келе жатқан
қызғалдақ сияқты. 3. Осы бәйтеректің шығу тарихы ежелгі аңызға негізделеген. 4. Көк
теңіздің жағалауында өмір ағашы – алып бәйтерек өседі екен. 5. Жыл сайын бәйтеректің
бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен.6.
Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды екен. … 7. Аңыз бойынша Ер Төстік
жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады екен.8. Оған
риза болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. 9. Киелі ағаш туралы
аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі.
(«Елтану» оқу құралынан)
4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат