Бұғы тұралы бір кушті мәтін керек еді (пайымдау мен әңгімелеу ) комектесиндерши

zkudaybergen zkudaybergen    1   19.08.2019 10:20    0

Ответы
султик12 султик12  05.10.2020 04:45
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы.

Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған.

Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.

Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi