Б) Шығарма қай жанрға жатады?
66​

iralubov iralubov    3   22.10.2020 07:10    3

Ответы
славаннее славаннее  21.11.2020 07:11

Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.

Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.

Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.

Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде , А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, , лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.

Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi