Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.

Толағай:

– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.

Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.

Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.

3-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.



НАПИСАТЬ ОСНОВНУЮ МЫСЛЬ ДАМ​

аленка1опр аленка1опр    3   04.12.2020 11:03    0

Ответы
DasyaSay DasyaSay  03.01.2021 11:06

Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы  

Идеясы: Елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек  

Ертегінің композициялық құрылымы:  

Басталуы. Саржан мергеннің ұл балалы болуы.  

Дамуы. Толағайдың ержетуі.  

Шиеленісуі. Халықтың күйзелуі, Толағайдың жан күйзелісі.  

Шарықтау шегі. Толағайдың тауды көтеріп әкеліп жаңбыр жауғызуы.  

Шешімі. Отаны үшін өлді бала.  

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi