Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ ... бірақ ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай , Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам , ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша ,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша !
Бәйге берем жығылған палуанға да
Адалдығы сезіліп тұрар болса .
Қыз қуатын жігітке ат беремін ,
Жанам деген жүрекке от беремін .
Мен әйтеуір бар жиған - тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін
Біздің үйді сол күні бетке ал , қауым ,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын .
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып ,
Қазанымда бір асым ет қалмауын ...
найти пять опорных слов, передающих эмоции автора