Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді. Қырғауылға жақындап келеді де:
- Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай? – дейді.
Қырғауыл:
- Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді? Бір құлағым естімеуші еді, – дейді.
Қырғауыл:
- Жерге түсуге қорқамын. Жерде әр түрлі аңдар бар. Бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді.
Түлкі:
Әй, достым, қазір заман бұрынғыдай емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шықты. «Біреу-
ге біреу зорлық қылмасын!» - депті. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге
жүрсін!» – депті, - дейді.
Қырғауыл:
- Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр. Ит-
терге де хабарыңызды айтыңыз. Олар да жақсы хабарды естісін, - дейді.
«Ит» деген сөзді естіген соң түлкі алды-артына қарамастан, қаша жөнеледі.
Қырғауыл:
- Қайда барасың, Түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? - дейді.
Түлкі:
- Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар, - дейді міңгірлеп.​

petrosiannikita petrosiannikita    1   22.10.2020 17:26    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi