- Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді. Қырғауылға жақындап келеді де: Сәлеметсіз бе, қырғауылым! Халіңіз қалай? – дейді. Қырғауыл: - Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді? Бір құлағым естімеуші еді, Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын. Жерде әр түрлі аңдар бар. Бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді. Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғыдай емес. Жаңа ғана келдім, бұйрық шықты. «Біреу- ге біреу зорлық қылмасын!» - депті. «Қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін!» - депті, – дейді. Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр. Ит- терге де хабарыңызды айтыңыз. Олар да жақсы хабарды естісін, — дейді. «Ит деген сөзді естіген соң түлкі алды-артына қарамастан, қаша жөнеледі. Қырғауыл: - Қайда барасың, Түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? - дейді. Түлкі: Кім біледі, бұйрықты олар естімеген шығар, - дейді міңгірлеп.СИНКВЭЙ 1 сущ 2 прил 3 глаг 4 сином