Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: -Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Əркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,-дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

-Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,-дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, əдеміленіп келеді де:

-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдынды бас иеді,-дейді.

Үшінші ұлы күміспен жəне алтынмен апталған белдігін буынады да:

-Мұдай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,-дейді.

Əкесі үлкен баларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

-Сен неге үндемейсін? Сен қандай байлығынмен мақтанасын?-дейді. Сонда кенжесі:

-Менде асыл тасты жүзік те, сəнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бер,-дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

-Жұмысістей білген адам жұтамайды,-деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.

-Жүмыс істей білген адам жүтамайды,-деп, өзінін кенже ұлын мұрагер атайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

berezovskayave berezovskayave    3   16.03.2021 13:44    0

Ответы
Мафаняяя Мафаняяя  16.03.2021 13:50

Тапсырма сондай калай

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi