Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— дейді.
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
- Міне, менің байлығым. Ал кім өте бай болса, сол ақылды,—дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:
- Мұндай керемет әдемі белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.
Сонда кенжесі:
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнділеу киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.
1. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының
Мітіннен сын есімдерді тауып ,кестені толтыр.[1]
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Салыстырмалы шырай
Күшейткіш шырай