Бір күні түсте Құрмаш Көксеректі тысқа алып шығып, ас құйып жалатып тұрғанда, анадайдан шылапшынның салдырын естіген қара
ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып, адымды қойып еді.
Екпіндеген бетімен, жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан,
Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.
Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап
шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен «Гүрр» етіп, қара ала
төбетті алқымынан ала түсті. Ұстаған жері құлақ-шекеге жақын еді.
Төбеттің мойнын тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен төбет
бұлғаң-бұлғаң етіп, Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.
Маңайдан жұрт дабырлап жиылып қалып еді. Көксерек қара
аланы тамағынан қысып қоя берді де, жотасы үдірейіп топтан шыға
берді.
Жеңген жаудың сығымынан зорға құтылған қара ала қаңсылап,
жүні жығылып, бір жаққа кетті...
нужно из этого текста выделить самое главное

yusifmailov1 yusifmailov1    3   17.02.2021 19:54    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi