Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде, екі өзен алақанға салғандай болып көрінеді. Ит байласа
тұрғысыз баспананы тұрақ еткеніме бүгін төртінші күн.
Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы баласы ауылға
көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің алдында қатты қысылып, жерге кіріп
кете жаздадым.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай
күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты.