Біліммен ғана түзетіледі», – дейді. Оның мына сөздері болашақ ұрпақты алдын ала сақтандыру ретінде естіледі: «Қандай байлыққа
ие болса да, білім алуға ұмтылмаған халықтың байлығы біраз
уақыттан кейін неғұрлым өркениетті халықтардың қолына өтеді».
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негіздері мен қазақ
грамматикасына арналған ғылыми терминологияны әзірледі.
А.Байтұрсынұлы тұңғыш қазақ әліпбиінің авторы. Ғалым
құрметіне Байтұрсынұлы әліпбиі деп аталған жаңа қазақ жазуы
өз уақытында барлық түркі тілдес халықтарға үлгі болды. Оның
жасаған және соның есімімен аталған жазу жүйесі қазақтарда
сауатсыздықты жоюға, жазу мәдениетін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев
2000 жылы 15 қыркүйекте Қостанай қаласында А.Байтұрсынұлы
ескерткішінің ашылу салтанатында былай деді: «Ол біздің
мәдениетіміздің өшпес жарығы және біздің халықтың ар-ұжданы.
Оның идеялық мұрасымен заманауи ғылым, өнер, мәдениет, білім,
мемлекеттік жүйе мен Қазақстанның қоғамдық құрылысының
барлық күретамырлары мен ұлпалары беки түседі».​

M0N1C4 M0N1C4    2   15.03.2021 10:41    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi