Бұл әңгімеде Ривера өзінің сенімділігінің арқасында Дэнниді жеңді. Ол қарапайым отбасынан шығып, көтерілісте көз алдында ата-анасынан айрылды. Мексикалықтарға озбырлық көрсеткендерін көре тұра, өз Отаны үшін күресті. Ол небәрі 18 жаста еді. Өзі кішкентай болғанымен мықты, төзімді, намысшыл жігіт болды. Көрермен, төреші және өзінің жаттықтырушысы да оның жеңгенін қаламады. Менің ойымша қоғамда болып жатқан теңсіздіктерді көрген мексикалық Реннидің ашу - ызасын осы күрестен байқауға болады. Осы шығарма арқылы «әділеттілік әрқашан әділетсіздікті жеңеді» деген ой туғызды.