Бөктеру» сөзінің мағынасын ата. Аттың аяғын тұсаулап қою
Таза, ұқыпты деген мағынаны білдіреді
Бір нәрсені ердің арты жағына қойып, екі қанжығамен байлау
Көлік үстінде отырып бір нәрсені ердің алдыңғы жағына көлденең салу
Көш кезінде барлық заттарды жинау айтыңдаршы​

Julia10988 Julia10988    3   23.10.2020 14:17    4

Ответы
prosto51 prosto51  22.11.2020 14:17

Тіліміздегі «қанжыға» сөзі моңғол тілімен ортақ тұлға. моңғолша — ганзга. Дегенмен, кейбір түркі тілдерінде, атап айтсақ, қырғыз тілінде «қанжыга» тұлғасымен қатар, «бөктөргө» сөзі де қолданылады. «Бөктеру» етістігінің осы сөзбен байланысты туғандығы анық. Хакас тілінде: тиргі — қанжыға. Бұл деректі тілге тиек етсек, қырғыз тіліндегі «бөктерге»—екі түбір қосындысы. Олар: «бөк» және «тергө». Енді осы сөздерді түркі тілдерінен іздестіргенде мынадай деректерге тап боламыз. Хакас тілінде: поғ — байлау, байлап тастау; якут тілінде: төргүү — жіңішке қайыс. Бұларды былай қойғанда, тунгус-маньчжур тілдерінде: туру - қайыс. Тұлға жағын (дыбыстық құрамын) былай қойғанда, бұл екі сөздің қосындысы ердің соңғы (артқы) қасына өткізілген заттың тегіне және атқаратын қызметіне де сәйкес келіп, беретін мағынасынан да бірлестік табамыз: поғ + төргүү. Қосылған сөздер қазақ тіліндегі заңдылыққа байланысты және соңғы сөздің алғашқы сөзге ықпалы нәтижесінде «бектергі» болып өзгеруі орынды құбылыс. Бұл сөзді қазіргі тұрғыдан қазақшаласақ — «байлау қайыс» түсінігі туады. Тілімізде «қанжыға» сөзі орныққаннан кейін, «бөктергі» сөзі қысқара түсіп (бөктер), етістік қалпында ғана сақталғандығы аңғарылады.[1]

Дереккөздер

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi