Бүгінгі және болашақтағы казахстан такырбында жм сн керек еді

dariaglaowa1 dariaglaowa1    2   01.10.2019 18:40    4

Ответы
dnsadlerqwer dnsadlerqwer  21.08.2020 19:58

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы.  Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанын мақтанышпен айта аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтауға тұрарлық. Қазақ елінде 17 млн-нан астамдай халық тұрады. Оның ішінде көптеген өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктер де мойындаған. Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi