Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи жүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттің қатысуымен, БҰҰ-ң (Біріккен Ұлттар Ұйымы) басқаруымен ғана шешіледі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондаған тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады. Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ластанумен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шегара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып отыр. Қазір де экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, экологияны қалпына келтіруге ерекше назар аударылуда.