Бүгінде қоғам мүшелерінің көпшілігі өз өмірлерін әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтыны анық. Әлеуметтік желілер толықтай бүкіл әлемді қамтып, танымалдылығы Жоғарылап жатыр және оның нақты жас ерекшелік немесе кәсіби шектеулері жоқ. Сонымен бірге, әлеуметтік желілер қазіргі заман азаматтарының тұлғалық әлеуметтенуіне ерекше ықпал жасайды. Әлеуметтендіру үдерісі барысында білім берудің технологиялары, әдіс- тәсілдері қолданылатындығын ескерсек, өзекті мәселелер берілген тақырыппен ұштасады. Адамзат өмір сүріп жатқан жоғары техНОЛОГИЯлар ғасыры Қоғам дамуындағы жаңа әрі өзгеше деңгейге әкелді. Ақпаратпен алмасу. адамдар арасындағы тілдесу, қарым-қатынас орнату әдістері, жұмыс беру ұсыныстары мен іздеу жолдары, демалыс түрлері шын өмірден виртуалды әлемге өтті. Миллиондаған адамдар күнделікті түрде әлеуметтік желілер қызметтерін пайдаланады, жаңа достар мен клиенттер, қызметкерлер іздейді, кейбіреулері уақыттарын бос өткізуге арнайды. Білім деңгейін Жоғарылату мақсатында ғаламтор ресурстарын пайдаланғанымен, көбінесе әлеуметтік желілерді виртуалды тілдесу үшін ғана пайдаланушылар жеткілікті екендігі жасырын емес. Сонымен қатар, ХХІ ғасырдағы азаматтарды тәрбиелеу теледидардан Интернетке көшті. Сондықтан оның қоғамдағы релінін жасымлы және жағымсыз жактарын Матын бойынша 3 проблемалык сурак курастыр нужноо