Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері — жер асты пайда қазба қорлары болашақта таусылуы мүмкін. Бүгінгі таңда ғалымдар энергияның жаңа көзін іздеуде. Күн батареялары мен жел стансаларының энергия өндіру бағытында қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады.
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын ток көзі.
Күн энергиясын қолданысқа енгізу оңай емес. Ол ғылыми-зерттеу мен ерен еңбекті талап етеді. Сондай-ақ ауқымды инвестиция да қажет. Өйткені күн энергиясын алатын тиімді қондырғылардың құны да қымбат. Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, оның үстіне өз құнын 100 пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс істеу мерзімі шамамен 30 жыл (118 сөз)
2-мәтін
Құрметті қазақстандықтар!
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізу құқығына қол жеткізді.
Бұл Қазақстанның зор табысы.
ЭКСПО көрмесі –ауқымдағы оқиға. Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – Қазақстанның бүкіл әлем алдындағы орасан зор жауапкершілік.
Біз небары бес жылда Көрме орталығын тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып, көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатынына сенемін.
Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең ауқымды халықаралық оқиғаға белсенді дайындауға шақырамын. (82 сөз)
(Н.Ә.Назарбаев, 6 желтоқсан 2012 жыл)
Екі мәтінді салыстырып, жанры мен олардың жанрға тән 2 ерекшелігін көрсетіңіз
1-мәтін
2-мәтін
Жанры
Жанрға тән ерекшеліктер