Бүгін – «Бәйтерек» монументінің туған күні Мәтінді құрылымы бойынша сәйкестендір.

Төстік тоқсан күн жүріп аспанмен таласқан үлкен тауға кездесті, таудың ар жағына тоқсан күн дегенде зорға деп асып түсті. Үлкен жалғыз түп бәйтерекке келіп саясында демалып отыр еді: «Әй, адамзат, бізді өлімнен құтқар, құтқар!» - деп шырылдаған самұрық құстың балапандарының даусын естіді. Төстік: «Бұл мүсәпірлерге не болды?» - деп қарап еді, бір үлкен айдаһар жылан балапандарды жұтуға әзірленіп, бәйтеректің басына қарай жылжып өрмелеп бара жатыр екен Төстік көп ойланбай, дереу қынаптағы қылышын суырып алып айдаһарды бірнеше жерден шауып өлтірді. Дәл осы кезде қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Төстік балапандардан сұрады: «Бұл не қылған жел, не деген нөсер жаңбыр?» - деп. Балапандар айтты: «Бұл жел емес, біздің анамыздың қанатының лебі, ал жаңбыр дегеніміз – біздің анамыздың көз жасы. Біздің анамыз жылда осы бәйтеректің басына жұмыртқалып, балапан басып шығарады екен. Анамыз балапандарына тамақ іздеп кеткенде, жаңағы сіз өлтірген айдаһар інінен шығып, біздің анамыздың басып шығарған балапандарын жеп қояды екен, біздің анамыз келгенше қайтып ініне тығылып қалады екен.

Қазір біздің анамыз аң аулап қайтып келе жатыр, біздерді тірі көремін бе, әлде айдаһар жеп қойды ма деп жылап келе жатыр. Міне, ол жаңбыр емес, біздің анамыздың көз жасы», - деді.

Бір мезгілден кейін самұрық құс келіп бәйтеректің басына қонды. Самұрық құстың салмағынан үйдін жуандығындай бәйтерек иіліп жерге тиді. Тірі қалған сарыауыз балапандар Батыр ерлігін жарыса, шуылдаса жеткізеді. Аңсап күткен арманы орындалған Самұрық: «Армысың, Батырым, бұл көмегіңді ешқашан ұмытпаймын», -деп жақысылығын жақсылықпен қайтарып, Төстікті жер бетіне алып шығады.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Армысың, Батырым, бұл көмегіңді ешқашан ұмытпаймын

Төстік тоқсан күн жүріп аспанмен таласқан үлкен тауға кездесті

Төстік көп ойланбай, дереу қынаптағы қылышын суырып алып айдаһарды бірнеше жерден шауып өлтірді


Бүгін – «Бәйтерек» монументінің туған күні Мәтінді құрылымы бойынша сәйкестендір.Төстік тоқсан күн ж

ElenaFevralV ElenaFevralV    3   14.12.2020 17:51    2

Ответы
Katyyyp Katyyyp  13.01.2021 17:51

1-2

2-3

3-1

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi