Қазақ жері неткен керемет,неткен бай! Елі алып,жері ұлан-ғайыр.Қазақстанның картасына қараңдаршы:оның алып, ұлан-ғайыр Екеніне көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724.9 мың шаршы километірге тең.Қазақстан шекарасының ұзындығы 15000 километор. Тіпті қазақ жерінің шығысынан батысына қарай Күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жерге шикізат пен қазба байлықты қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді.Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: Қорғасын,вольфрам қоры бойынша1-орын, күміс пен мырыш қоры бойынша2-орын, марганец қоры бойынша 3-орын , мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын,алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш көмір газ қоры бойынша 9-орын, мүнай ұоры бойынша 13-орын алады. Бүл- ғаламат байлық. Орталық Қазақстанда көмір, жез,қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі.

Мұнда құмтас қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстік алтын,темір; шығыста қорғасын,мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік,шығыс, солтүстікте мәрмәр кенорындары бар.

Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна,су встында 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, Қазақ даласы-осындай.

Сен қандай мемлекетте тұрасың?
Сенің елің қандай мемлекеттермен шектеседі?
Сен тұратын жерде қандай шикізат,қазба байлықтар бар?
Сен тұратын жерде Қазақстанның мемлекеттік шекара аймағы бар ма?
Сен тұратын жер қандай қаламен,обылыспен не ауданмен шектеседі?

катя4799 катя4799    1   18.02.2021 10:55    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi