Қазақ жазуының даму жолы «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз туралы Жарлыққа қол қойды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?» тақырыбында эссе жазыңыз.​
хелп просто соч очень надо


Қазақ жазуының даму жолы «Елбасы 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшетініміз тура

SofiaDash SofiaDash    3   29.10.2020 20:21    3

Ответы
SHTUJDLXP SHTUJDLXP  28.11.2020 20:22

Жалпы, елдегі кез келген қалыпты жағдайға өзгеріс енгізу оңай дүние емес. Бір көшенің атын өзгертудің өзі таудай мәселе болып тұрған заманда 18 миллион халықтың ғасырға жуық қолданып келе жатырған жазу үлгісін өзгерту үлкен тәуекелді қажет ететін үлкен қадам. Мұндай қадамға аяқ басар алдында тек Елбасының ғана емес, еліміздегі әр филолог пен ғалымның, зерттеушілер мен тіл жанашырларының ой-пікірлері ескерілген болар. Сол себепті, менің ойымша, латын әліпбиіне көшу біздің еліміз үшін, тіліміз үшін, келер ұрпақ үшін өте дұрыс деп санаймын.

Еліміз үшін дегенім - Елбасы әр Жолдауында “дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыз керек” ойды жиі айтатындықтан, ол қатарға тез енуіміз үшін біз ең бірінші мәдениетімізді, дінімізді, тілімізді дұрыстауымыз керек. Ал латын әліпбиіне көшер болсақ, біздің тілімізді шет ел азаматтарына оқу оңайырақ болар еді де, олардың біздің тілді меңгеріп кетуі тезірек болар еді.

Тіліміз үшін дегенім - кириллица әліпбиіне көшкелі орыстың “ф”, “ц”, “ч” сынды әріптері қолданысымызға еніп, тіліміз жуандап, әуезділігін біраз жоғалтып алған секілді. Егер латын әліпбиін қайта қолданысқа енгізер болсақ тіліміздің үнділігі мен әуезділігі, құлаққа кіріп бойды алар ырғақтығы қайта оралар еді.

Ұрпақ үшін дегенім - латын әліпбиін жас өрен жастайынан оқып білсе, оның ағылшын тіліне деген сауаты да ерте ашылар еді. 5-6 сыныпқа келіп, ағылшын әріптерін жаңа көріп, тілін сындырам дегенше тағы сонша уақыт кетіргенше, әріп танығаннан латын әліпбиімен бастаса нұр үстіне нұр болар еді. Онымен қоса, әлем әдебиеттерінің, ғылыми мақалалардың 80 пайызы ағылшын тілінен біздің тілге аударылмағанын ескерер болсақ, бұл да латын әліпбиіне көшуге үлкен бір мотивация.

Мен Елбасының бұл саясатын қолдаймын!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi