Қазақтың «Әуелгі байлық - денсаулық, Екінші байлык - он саулык, Үшінші байлық ақ жаулық» деген нақыл сөзінде үлкен мән жатыр, Әр отбасы мүшесі
өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, денсаулық - адамның ең
үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай дүние алмастыра алмайды. Ең
алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет, Ал сол денсаулықты
сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес. Денсаулықтың, қадірін
ерте кезден білген халқымыз оны сақтау мен күтудің ерекше емдік түрлерін білген,
Сонымен қоса ер жетіп келе жатқан ұл-қыздарын өнер мен түрлі физикалық ойын
түрлеріне баулыған. Өнерді жан рахаты деп білсе, ойынды тəн рахаты, сонымен қоса
Нағыз денсаулықтың кепілі екендігін ескерген. Дұрыс тамақтануға да ерекше мән беріп,
табиғи өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасының колкөсір екендігінен хабардар
болған, әрі сол пайдалы өнімдермен күнделікті тамақтанып отырған. Дәл бүгінгі уақытта
дені сау ұрпақ-болашақ кепілі. Себебі, қоғамдағы ең белсенді адам – дені сау адам, ең
алғыр адам да дені сау адам, өнімді жұмыс пен берекелі еңбектің де ең негізгі өкілі дені
сау адам екендігін ұмытпауымыз керек.
https://bilim-all.kz/user/profile/admin
1. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. (5)
1. Ең үлкен байлық не?
2. Денсаулық не үшін қажет?
3. Денсаулық кепілі не?
4. Қандай өнімдер денсаулық үшін пайдалы?
5. Дені сау адам ненің өкілі?​

alesiakorneva alesiakorneva    2   16.03.2021 09:27    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi