Қазақтың әрбір ауыл-қаласының өзіндік тарихы бар. Ал астаналар тарихы өз алдына бөлек әңгіме. Бұрынғы заманда көрші елді мойындататын таңбасы, елдігінің айғағы – ол мемлекетті бір ортаға біріктіре
алар киелі мекен - астанасының болуымен ерекшеленді. Қазіргі таңда да ел астанасы маңызды орында.
Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматы болды. Қазақ қазақ болып өз егемендігіне жеткелі
бері баршамыздың көз қуанышымыз болып, Есіл өзенінің бойынан тұңғыш астанамыз Астана қаласы ірге
көтерді.
1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің
Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та
1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Қызылорда қаласына көшірілген.
Алматы қаласы 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды құрылыстар
жүргізіле бастайды. Қазіргі күнге дейін де Алматы қаласы Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің
мәдени орталығы болып табылады.
Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа
астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
1920-1925 жылдары Қазақстанның
0 О астана қызметін атқара бастады
астанасы болған қала.
Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана
1925-1929 жылдары Қазақстанның
О)
болып өзгертілді
астанасы болған қала.
Орынбор
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы о
ОҚызылорда
Алматы қаласы 1929 жылы
соч