Қазақтың отбасы дәстүрінде тыйым сөздер ненің құралы
болып саналады?
Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?
Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып сана-
лады?
Табалдырық — ненің шегарасы?
Табалдырыққа қатысты қандай тыйым сөздер айтылған?
Табалдырық — ненің белгісі?
Жас келін келгенде, қандай ырым жасалады?
одің​

Drake1111 Drake1111    1   07.09.2020 13:20    3

Ответы
Zero00000 Zero00000  15.10.2020 18:21

1)Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Тыйым сөздер балаларды тәртіпке салудың басты құралы болып табылады.

2)Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

3)Табалдырық – қазақта қасиетті ұғым.  

4)Ол үйдің сырты мен ішінің шекарасы, босағаның мықты болуының кепілі ғана емес, құт пен кедейліктің де шекарасы. Табалдырық – бақ пен сордың қарауылы екен.  

5)Табалдырықты баспа, бақыт қашады

•Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма

•Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама

6)Табалдырық – құттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса – жұтайсың, құтты адам аттаса – құтаясың.

7)Жас келін түскенде босағада отқа май құйғызып барып, табалдырық аттатқан. Келін табалдырықтан аттағанда шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен кіргізген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi