Азақтың қолөнері» тақырыбына эссе жазыңдар (90 сөз).теңеу, эпитет сөздерін қолданыңдар. . заранее

oksankalahutina5 oksankalahutina5    1   01.05.2019 10:52    3

Ответы
yarikmazai yarikmazai  09.06.2020 04:49

Эссе

Қазақтың қолөнері

“Ата өнері – балаға мұра” дегендей, қолөнер – қазақ халқына бұрынғы заманнан тараған өндірістің бірі.

Қолөнершілер табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен тұрмысқа қажетті бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Қазына сандығындай Қазақстан жерінен әлі күнге дейін небір аймақтың қолөнершілерінің жасаған бұйымдары табылып жүр. Бұлақтай сылдырлаған сырға, шолпылар, жыландай оратылған білезік, сақиналар, түрлі оюлары бар ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б. дейсіз бе, бәрі бар.

“Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде” демекші, шешеннің шеберлігін сөйлеген сөзінен білінсе, қолөнершінікі бұйымынан-ақ байқалады. Қазір де бұл өнерге көңіл бөлініп, дамып келе жатыр. Елімізде отандық өнім, қазақы нақыштағы мүліктер сәнге айналуда. Үй ішіне төл оюларымыз ойылған үстел, орындық, сандықтар алады. Ет беретін астау, табақтар, ожаулар да өткеніміздің көзі секілді. Қазақ қолөнері – қазақ халқының мәдениеті мен тарихы. Халқымызға сіңген өнер келешекте өз мәнін жоғалтпайды деп сенемін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi