«Қазақтың қазақ екенін білгің келсе, халық екенін білгің келсе, мамыр өте Мәртөбеге кел» дейтін мәтел сөз бар. Мамыр өте Мәртөбеге келсең - сөйлесең сөзі сай-сүйегіңді сырқы- рататын қазақтан өткен ділмар халық жоқ па деп қаласың. Мамыр өте Мәртөбеге келсең - жетім қозының жұмырындай ғана қара шанақ, екі ішек, он алты пернеге жер-жаһандағы үн бiткенді түгел сыйғызған қазақтан өткен күйші халық жоқ па деп қаласың. Мамыр өте Мәртөбеге келсең дауысы төрт кереге, тал шаңы- рақты ғана емес, аспан астын түгел әлдилеп, ұшқан құсты, жортқан аңды талмауратқан қазақтан өткен әнші халық жоқ па деп қаласың. Мамыр өте Мәртөбеге келсең – биі сөйлесе, дүние жаратылғаннан бері ықылым заманның жай-жапсарын түгел жадында сақтап, келе- шегін бәрін көрмей біліп отырған қазақтан асқан сұңғыла халық жоқ па деп қаласың. Мамыр өте Мәртөбеге келсең – көпті көрген көнесінің иегіндегі көк шулан сақалдың тұқылына, көпті білген кемел ақыл айтқан сөздің