Қазақтың қанатты қызы эссе ӨТІНІІІШШШ КЕЕРРЕЕКККККК ӨТІНІШ​

roman5555554 roman5555554    2   30.11.2020 10:42    0

Ответы
Патич232 Патич232  30.12.2020 10:44
Ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген тағы бір қызымыз - Мәншүк Мәметова. Батыр қыздың майданға аттануы мен ұрыс даласындағы бiзге беймәлiм болып келген кейбiр сырлары жайында Үш қиян газетімен сыр бөліскен Әлияның немере сiңiлiсi Айман Мәметов: Мәншүк майданда 418 күн болды. Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылды десек, оның 418 күнiнде қазақтың ержүрек қызының азапты күндерi мен ерлiк iсi қалды. Әлемге даңқы шыққан Мәншүк жұмыр жердiң бетiнде небәрi 21 жыл 13 күн өмiр сүрдi. Бұл көп пе, әлде аз ба?! Әдетте ерлiк жасау үшiн ұзақ өмiр сүру парыз болмаса керек болар!, - депті. Расында да соғысқа атанып бара жатып анасымен де қоштасып үлгермеген Әлияның фашистік басқыншылармен арадағы қан майдандағы ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін мәңгілік үлгі болып қалмақ.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
khusainova0606 khusainova0606  30.12.2020 10:44

ответ:Жинақта даңқты ұшқыш­тың өзі жазған «Халқым үшін» («Әскери ұшқыштың жаз­­бала­ры») және «Под коман­до­ванием Рас­ковой» атты кө­лем­ді ес­те­ліктері берілген. Ол ави­а­ция тарихында тұңғыш рет әйелдерден құралған №588 түн­гі бомбалаушы әуе пол­кінің штур­ман-атқышы болған. Кітапта ал­ғаш­қы жауынгерлік тап­сыр­­масына жиырма жасында Крас­но­дон жерінен ұшып, ай­нал­дыр­ған бір жарым-екі жыл ішін­де Оңтүстік майданда, Сол­түс­­тік және Күн­гей Кавказда, Ук­­раина мен Бело­руссияда, По­льшада жау нысандарына 300 рет шүйліккен және соның барлығында жеңіске жет­кен жаужүрек қыздың естеліктері жинақталып жазылған.

Соғыс кезеңінде гвардия аға лейтенанты Хиуаз батыр Қызыл Ту ордені, Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, «Кавказды қор­ғағаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Жұбан мен Са­ғын­ғали ақындар Хиуазды «қанатты қыз» деп атаған.

Жинақтың «Есімі ел есін­де қалар мәңгі» атты тарауы Хиуаз батырдың кейінгі ке­зе­­ңі­не арналған. «Қанатты қыз» соғыстан кейін де еліне үл­­­кен еңбек сіңірген. Бейбіт өмір­­­дегі еңбек жолын Батыс Қазақстанда аудандық партия ко­митетінің нұсқаушылығынан бас­таған ол, Алматы қалалық партия ко­ми­тетінің хатшысы кезінде де халық үшін ма­ңыз­­ды істерді шешуге белсене атсалысқан. Ал 1951 жылы Қа­зақ КСР Жо­ғар­ғы Кеңесінің депутаты бо­лып, ал­ғашқы сессиясында Пре­зи­диум хатшысы болып сайланған.

Хиуаз Доспановаға Елбасы жарлығымен 2004 жы­лы Ха­лық қаһарманы мәртебелі атағы берілген болатын.

Объяснение:дурс болу керек

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi