Қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері – жерұйық. Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі. Ауылдың тыныс тіршілігі де өзгеше. Ауыл десе, жайлау еске түседі. Жайлаудың ауасы таза әрі салқын. Самал желі мен бұлақтың суы керемет.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Ауыл «Ақбұлақ» деп аталады. Үйдің жанында су ағып жатыр. Ол су таудың етегіндегі бұлақтан басталады. Сондықтан жайлау «Ақбұлақ» деп аталады. Айнала – гүлдер мен ағаштар. Жер кілем секілді жап-жасыл. Жазда ауылдың табиғаты тамаша. Қыста күн суық, қар қалың жауады. Сондықтан қыста шаңғы, шана тебеміз. Жазда салқын, бірақ шілде, тамыз айларында күн ыстық болады. Таудан самал жел соғып тұрады. Мен тауда достарыммен демалғанды жақсы көремін. Біз қызғалдақ тереміз, доп ойнаймыз, алау жағамыз, тамақ пісіреміз, шатыр құрамыз, ашық аспан астында түнейміз.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.

zhanik2017 zhanik2017    2   30.10.2020 15:53    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi