«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда
қолданыңыз, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2-мәтін
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес
білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін
дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын
тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең
алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын,
достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар,
ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін
тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер
бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің
төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.