«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып 1-нұсқа
Білім алушы
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Мәтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда
қолданыңыз, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп, аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп, аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады. Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың достығы жамандығынан да жаман. Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер»,– дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың
ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді. (146 сөз) https://angimeler.wordpress.com/category
1-мәтін
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра»,
«дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқылы жасалған. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып «домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.
Домбыраны түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартулары, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған «Топан» күйі адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді. (144 сөз)
Можете памоч