«Қазақ тілі ті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен алынған дәйексөздерге,
үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін (тұрмыстық,
әлеуметтік мәселені талдап, негізгі ойды анықтаңыз. Өз
көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар
арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз.
А мәтіні
Қандай мамандықты оқыған дұрыс — қаржыгер ме, әлде заңгер
ме?
Менің жауабым: программист!
Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ,
Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық мамандар қажет.
Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға
«Халықаралық қатынастар» мамандығына грантқа түстім. Бұл
мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай
математика, физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ өзім
мектеп кезінен бастап математикаға бір табан жақын
болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор
болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар
жасауға тура келді. Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура
келеді.
Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған лоотia деп
аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп бастасаң болады»,
деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны
үйренуге кірістім.
Бірде достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі екі жерде
жүмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап
берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні таңға дейін
ұйықтамай, сайтын бітіріп бердім. Бұл программист ретінде
менің тапқан алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ!
Әрі қарай одан да айлығы жоғары жүмыстарда істедім. Қазірде
кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Тойаукт
ақпараттық порталының ІТ-менеджері болып жұмыс
жасаймын.​


«Қазақ тілі ті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары тыңдалым мен айтылымТапсырма1.

Милка98806 Милка98806    3   23.12.2020 12:34    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi