Қазақ тілі пәнінен емтиханға дайындық тест тапсырмалары 1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
E) Саяхатшылар көп келді.
2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды.
E) Жалғасы қызық болды.
3. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.,
А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
E) Еңбек баланы мықты етеді.
4.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді.
С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды.
D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті.
E) Баласы әдемі болып өсті.
5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
С) Ексең егін, ішерсің тегін.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.
D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
7.Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.
С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды.
D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.
8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді.
В) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
С) Ол: «Батыр, хал қалай?» - деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» - деді.
9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) «Көлтауысар, көлдің суын құрт!» - деді Төстік.
В) «Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
С) «Көлтауысар, көлдің суын құрт деді Төстік.
D) Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
Е) «Көлтауысар, көлдің, суын құрт – деді, Төстік.
10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.
В) -Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.
С) Отыршы, жарығым, жөніңді, айтшы.
D) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.
Е) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.
11.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) «Кел, балалар оқылық – деді Ыбырай.
В) «Кел, балалар, оқылық», – деді Ыбырай.
С) «Кел, балалар оқылық, – деді, Ыбырай.
D) «Кел балалар, оқылық» – деді Ыбырай.
Е) «Кел балалар – оқылық, – деді Ыбырай.
12.Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тыныс белгісінің дұрысын таңда.
А) Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.
В) Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.
С) Жел соқпаса шөптің, басы қимылдамайды.
D) Жел соқпаса: шөптің басы қимылдамайды.
Е) Жел соқпаса; шөптің басы қимылдамайды.
13. Тілдесу үстінде қойылатын талаптар
А) интонациялық талаптар
В) ғылыми талаптар
С) коммуникативтік талаптар
Д) мәнерлеп оқу талаптары
Е) іскерлік талаптар
14.Анықтауышы бар сөйлемді көрсет.
А) Асан биыл мектепке барады
В) Мұрат ақын үндемеді
С) Қақаған аязда аң аулауға кетті.
Д) Аспанда найзағай ойнады.
Е) Ол асып та, тасып та сөйледі
15. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
А) асқар тау, телегей теңіз
В) кең дала, айдын көл
С) денсаулығы жоқ, ақшасы бар
D) тал түсте, күз мезгілде
Е) ала жаздай, қыс бойы

ЛАЙФСТААААААЙЛ ЛАЙФСТААААААЙЛ    1   12.06.2020 12:23    55

Ответы
Simpleton1 Simpleton1  15.01.2024 16:56
1. Первый предложение подходит под вариант В, потому что оно описывает действия, которые связаны между собой и зависят друг от друга.
2. Второе предложение является примером группировочной структуры и относится к варианту В.
3. Третье предложение относится к варианту А, так как оно указывает на причинно-следственную связь между действиями.
4. Четвертое предложение подходит под вариант А, так как оно описывает ситуацию, где новость не вызывает никакой реакции.
5. Пятое предложение является примером контрастной структуры и относится к варианту В, так как оно указывает на противоположные действия или ситуации.
6. Шестое предложение относится к варианту В, так как оно указывает на некий фактор, который влияет на другое действие или состояние.
7. При анализе данного предложения важно заметить, что все условия должны быть разделены точками, но не запятой. Таким образом, правильным вариантом будет В.
8. Для данной фразы формат использования тыныс белгісі должен быть следующим: Ол: "..." - деді. Таким образом, правильный вариант - С.
9. Так как автор совершает действие и затем следует его реакция или оценка, правильным вариантом будет В.
10. Правильным вариантом будет В, так как здесь точка ставится только после вспомогательного слова.
11. Для данной фразы формат использования тыныс белгісі должен быть следующим: «Кел, балалар, о
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi