«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары  

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология

Ғылыми фантастика. Пунктуация

Оқылым

Тапсырма

Мәтіндерді оқып, олардың стилін анықтаңыз және сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.

А мәтіні

Өмірбаян

Мен, Абдулхамит Мархабаев 1938 жылы 18 сәуірде, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келдім. Мамандығым –жазушы. 1997 жылы профессор, 2001 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алдым. 1964 жылы ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітіргенмін. Одан кейін, 1964 – 1967 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 –1976 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 1985 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 1982 жылдары Қазақ КСР баспа және полиграфия істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 1987 жылдары Қазақ орталық мұражайының сектор меңгерушісі қызметтерін атқардым. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметтемін.

1959 жылдан бастап республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастадым. 1972 жылдан бастап, 2008 жылға дейін «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағым т.б. ондаған фантастикалық көркем шығармаларым жеке кітап болып шықты.

1978 жылдан бастап, 2008 жылға дейін фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында монографияларым жарық көрді.

Өзімнің «Ғарыштағы қымыз» атты әңгімемде «Альфа» планетасына сапар шегіп, қонақ боп барған бір топ делегат, оның ішінде ақсақалдың оқиғасымен өрбиді. Бұл жерде Нептун, Сатурн планетасының аты аталады. Өзге планетаға қонақ боп барған, ақсақалдың кенеттен құлауы, роботтың ақсақалға көмек беріп, ұстап қалуы, жат планетадағы роботтардың ақсақал өмірін аман алып қалуы үшін, істеген әрекеттері әңгімеде өте қызық баяндалады.

Ә мәтіні

Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан кешкендері» атымен жарық көрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған.

Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор (Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.

Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған.

Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді.

А мәтіні Ә мәтіні

Мәтін мазмұны

Мәтіндердің стилі

Мәтін аудиториясы (кімге арналған)

Мәтіннің рәсімделуіндегі айырмашылықтар

Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз

крис898 крис898    2   17.05.2021 15:04    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi