Қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым

Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.

Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.

Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.

Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген . Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. А) Ауыл, зерттеу, топырақ

В) Отан, бала, қала

С) Станциялар, зерттеу, қаржы

Д) Зерттеу, адамдар, күш

[1]

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз. А) Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту

В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

Д) Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келмеген

В Жетісу өлкесінде бұрын бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген

C Бізде су қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар

ktoto2956 ktoto2956    2   21.12.2020 12:28    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi