Қазақ тілі» пәні бойынша 8-сынып. ІІ тоқсан «ІV. Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Оқылым мәтіні
Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш¬сыз елестете алмайды. 1961 жыл¬дың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете¬тiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ¬былысы, мал жайылымы, ауыз су¬дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан же¬рiн көрiп, неге игермейтiнiн сұра¬дым. Сонда олар: «Бiздер, Еу¬ропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түр¬лерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiл¬меуге тиiс жер, сол үшiн де ақы тө-лейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiз¬дердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пай¬да таппас¬қа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Де¬мек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қал¬са, ысырап болады. Мiне, ғарыш¬тың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/38750/
Тапсырма №1.
Оқылым мәтінін «ПОПС» формуласы бойынша жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз
Менің ойымша, бұл мәтін
Себебі мен оны…былай түсіндіремін.
Оны мен
деген мысалдармен дәлелдей аламын.
Осыған байланысты мендеген шешімге келдім.
Тапсырма №2
Оқылым мәтіні бойынша тезис жазыңыз 1
23 4
Тапсырма №3
Оқылым мәтінінен ерекшеленіп тұрған сөз тіркестерін есімді, етістікті сөз тіркестеріне бөліп, кестені толтырыңыз
№ Есімді тіркестер Етістікті тіркестер
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор
Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады 1
Мәтіннің рәсімделуіне талдау жасайды 1
Мәтіннің құрылымын ажыратады 1
Мәтіннің рәсіміне қатысты дәлелін келтіреді 1
Оқылым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан тезис жазады. 2 Мәтіннің желісін сақтайды 1
Тезис жазады 1
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады. 3 Сөз тіркесін табады 1
Есімді тіркестерді ажыратады 1
Етістікті тіркестерді ажыратады 1
Барлығы 8