Қазақ тілі пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары Тоқсан І Сабақтың нөмері: 10 Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы Мақсаты: Бұл сабақта оқушы М.Әуезов туралы терең түсінеді. Берілген мәтіннің негізгі ойын түсінеді. Оқыған материалдан деректі және дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есім сөздерді ажырата алады. Сілтеме: эл. оқулық OPIQ.KZ, 9сынып қазақ тілі, « Көкжиек- Горизонт» ⦁ Төмендегі сұрақтарға жауап бер ⦁ Суретте кімдер бейнеленген? ⦁ Олар туралы не білесің? ⦁ Олардың қандай шығармаларын білесің? ⦁ Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар. Сөйлемдерің кешегі өткен сабақтағы мәтінмен байланысты болсын. Тірек сөздер: туған, араласты, хабарласты, басталды, аяқталды, жаттады, жазды. ⦁ Шығармашылық тапсырма. Отбасы мүшелерімен ақылдаса отыра, « Абайды танимыз ба?» деген тақырыпта поэзия кешін ұйымдастырыңдар. Кім көп Абайдың өлеңін біледі, сол жеңімпаз атанады. ⦁ «Көз, құлақ, жүрек» әдісі: Бүгін сабақта көзбен көріп не есімізде қалды? Құлақпен естіп не есімізде қалды? Жүрекпен сезініп не есімізде қалды? Кері байланыс - Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды мұғаліміңіздің электронды почтасына немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңіздер Сәттілік тілеймін! Әзірлеуші: Аскарова Гулбаршын Акановна, Б.Момышұлы атындағы № 131мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен