Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары І тоқсан
Күні:21.10.2020
Сабақтың тақырыбы: 3-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. §20. Тілашар
Сабақтың мақсаты:
5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Оқушы:
мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады.
рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат жазады.
тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады.
Қысқаша тезисті конспект
Тілашар дегеніміз – баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын) арналған ізгі ниет, бата-тілек емес пе?! Ертеде алалы жылқы, ақтылы қой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарқан, Қазан, Түркістан, Орынбор секілді қалаларға үлкен медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа-молдаларды ұстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. Тілашар дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған.
Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл
Ата менен анаңның! –
деген секілді ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Ата-анасы баласын молдаға жетелеп апарып: «Молдеке, сүйегі – біздікі, еті – сіздікі. Осы балаға қара танытып, тілін ашып беріңіз», - деп тапсырады екен. Әрине, ол заманның оқуы мен бүгінгі дәуірдің сабағын да, ұстазын да салыстыруға болмайды. Алайда мұсылманша әріп танып, оқу-жазуға көзі қарақты болғандардан қазақтың небір ғұлама ғалымдары, классик ақын-жазушылары шықты емес пе?!
(Зейнеп Ахметова)
Ресурстар: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» ба беттер, 2017 ж.
Оқушыға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастырыңыз.
2-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
Алалы жылқы, ақтылы қой; қоңыртөбел шаруасы барлар; саптыаяқтық айраны бар кедей; қолдағы барымен дастарқан жасау; тілін ашып беру; қара таныту; көзі қарақты болғандар.
3-тапсырма. Оқылым материалы бойынша құрылымын сақтап, досыңа тілашар дәстүрі туралы хат жазыңыз.
КӨМЕКТЕСІП ЖІБЕРІНІЗДЕРШІ ТЖБ МЕН БЕРЕМІН