«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша гимназия мектептері үшін бастапқы бақылау кескіні 5-сынып ІІ нұсқа 1.Семей қаласы қай аймақта орналасқан? a) Шығыс аймақта b) Солтүстік аймақта c) Батыс аймақта d) Оңтүстік аймақта 2.Тиісті жалғауды тап. Қайда? Бурабай..., көше... , Шымкент... a) -де, -та, -те b) -да, -де, -та c) -де, -да, -те d) -да, -де, -те 3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? a) шаңырақ, ту, ұлт b) сурет, ұлт, халық c) Ту, Елтаңба, Әнұран d) Ту, Елтаңба, мемлекет
4.Тиісті қосымшаларды тап. Ту..., түс..., ұлт, рәміз..., әнұран... a) -дар, -тар, -тер, -лер, -лар b) -дар, -дер, -тар, -тер, -лер c) -лар, -тер, -тар, -дер, -дар d) -дар, -тер, -дер, -лар, -лер
5. Қандай құс биік жартасқа ұя салады? a) бұлбұл b) қыран c) торғай d) көгершін
6. Қазақ халқы тұлпарды кімге сыйлаған? a) көршісіне b) балаға c) ата-анасына d) батырға
7. Кімде? деген сұрақ қай сөзге қойылады? a) кітапта b) аюда c) ағамда d) қарындашта
8. Көп нүктенің орнына қойылатын тәуелдік жалғауды тап. Оның ауыл... a) -ім b) -ы c) -і d) -ым
9. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалға. Әлидің көлігі қонақүй... алдында тұр. a) -ім b) -тың c) -лер d) -дің
10. Қолында бар нәрсесімен бөлісетін адамды қалай атайды? a) жомарт адам b) батыр адам c) адал адам d) жауапты адам 11. «Күшті» сөзіне қарсы мағыналы сөзді тап. a) жақсы b) әлсіз c) ауру d) жас
12. «Жаман» сөзіне мәндес сөзді тап. a) мықты b) ақиқат c) дос d) нашар
13. Сөйлемді болымсыз мағынада толықтыр. Бүгін мейрам ғой, сабақ (болу) a) болады b) болсын c) болу керек d) болмайды
14. Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті қосымшаны тап. Нұрәлі мен Кемел ата-әжесі... мол базарлық алып келді. a) -дан b) -нен c) -тен d) -нан
15. Тұсауды қандай жіппен кеседі? a) қара b) қысқа c) ала d) жасыл
16. ІІ жақта тұрған жікті жалғаулы сөйлемді тап. a) Мен сахнада ән айттым. b) Сен сахнада ән айттың. c) Біз сахнада ән айттық. d) Ол сахнада ән айтты.
17. Алда болатын қимыл іс-әрекетті білдіретін сөзді тап. a) барды b) барады c) бардым d) бармаймын
18. «Тиін» сөзінде неше әріп бар? a) екі b) үш c) төрт d) бес
19. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет. Гүрілдейді a) гүр-іл-дей-ді b) гүр-ілд-ей-ді c) гү-рі-лде-йд-і d) гү-ріл-дей-ді
20. «Кітапхана» сөзінің аудармасы. a) саябақ b) библиотека c) музей d) театр Оқылым Шегіртке мен Құмырсқа Ертеде шырылдауық Шегіртке болыпты. Ол өте сауықшыл әрі жалқау екен. Жаз бойы көңілді өмір сүріпті: ән айтыпты, би билепті.Ол жапырақты тамақ қылады, көрпе етіп жамылады, үй ретінде пайдаланады. Осылайша өтіп, күз келеді. Сауықшыл Шегіртке ештеңе ойламапты. Жаз, күз кетті. Одан соң қыс келеді. Шегіртке қатты тоңыпты, қарны ашыпты. Ол Құмырсқадан көмек сұрайды. - Қарағым, жылытшы, тамақ берші, - деп жалынады. Құмырсқа сонда: «Неге жазда тамақ жинамадың? Неге жазда жұмыс істемедің? Неге жазда үй салмадың?» - деп ренжиді.
21. Шегіртке жазда не істепті? a) жұмыс істепті b) би билепті c) үй салыпты d) гүл теріпті
22. Құмырсқа жазда не істепті? a) ән айтыпты b) тамақ жинамапты c) үй салыпты d) би билепті
23. Шегіртке жазда қалай өмір сүріпті? a) көңілсіз b) көңілді c) мұңды d) жаман
24. «Құмырсқадан» сөзі қай сұраққа жауап береді? a) Кімнен? b) Немен? c) Неден? d) Кіммен?
25. «Ше- гірт- ке» сөзі қандай буындардан тұрады? a) Бітеу, бітеу, тұйық b) Бітеу, ашық, ашық c) Ашық, ашық, бітеу d) Ашық, бітеу, ашық