«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты жөні
Сыныбы
1-тапсырма
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр
жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған
табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде,
өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі
керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары
шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне
мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай
сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан.
Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты
Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын
Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы
Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері
Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)
1. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Әкеге қарап –ұл өсер,
Анаға қарап –қыз өсер
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Туған жер - алтын бесік.
2. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. керемет
в. сазгер
с. еліне

3. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар
Сарыарқаның атын шығарған
Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша
күйде сезінесің.
Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр.
Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.

sasha322322 sasha322322    3   18.05.2020 12:24    4

Ответы
sveta17032001 sveta17032001  14.10.2020 22:22

ответ:керемет тамаша сазгер композотир еліне жеріне

Объяснение:


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты жөні Сыныбы 1-тапсыр
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты жөні Сыныбы 1-тапсыр
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
karina5698586 karina5698586  14.10.2020 22:22

там где написано Оқушының аты жөні_______ там надо написать своё И.Ф.О а там где написано Сыныбы______ там надо написать в каком классе ты учишься

Объяснение:

вот и всё

УДАЧИ тебе


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты жөні Сыныбы 1-тапсыр
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi